Орыс армиясы ауыр шығындалды

Ресей армиясының 28 мың 300 сарбазы өлтірілді, 202 әскери ұшағы, 167 тікұшағы және 1 мың 251 танкі  3 мың 43 сауытты көлігі, 586 зеңбірегі, 199 зымыран соғар және 91 әуе қорғаныс жүйесі күйретілді.

1828735
Орыс армиясы ауыр шығындалды

Украина соңғы бір күнде Ресей армиясының 400 әскерін  жойғанын хабарлады.

Украина Бас Штаб басқармасынан жасалған жазбаша мәлімдемеде соғыс басталғаннан бері Ресей армиясының 28 мың 300 сарбазы өлтірілді, 202 әскери ұшағы, 167 тікұшағы және 1 мың 251 танкі  3 мың 43 сауытты көлігі, 586 зеңбірегі, 199 зымыран соғар және 91 әуе қорғаныс жүйесі Украина күштері тарапынан жойылғаны жарияланды.

Ресей Қарулы күштеріне қарасты 2 мың 137 көлік, 13 кеме мен жеңіл жүрдек қайық және 441 ұшқышсыз әуе көлігі және 43 арнайы құрал-жабдықтары күйретілгені жазылған мәлімдемеде Ресей армиясы атқан 102 қанатты зымыранның Украина әуе қорғаныс бөлімшелері тарапынан әуеде жойылғаны білдірілді.

Ресей Қорғаныс министрлігі 25 наурыз күні жасаған мәлімдемеде Украинада 1 мың 351 ресейлік сарбаздың қаза тапқанын хабарлады.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар