Израиль әскерлері 14 палестиналықты тұтқындады

Израиль күштері басқыншылық астындағы Шерияның батысында 14 палестиналықты тұтқындады.

1828884
Израиль әскерлері 14 палестиналықты тұтқындады

Израиль күштері басқыншылық астындағы Шерияның батысында 14 палестиналықты тұтқындады.

Израиль армиясынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Израиль әскерлері басып алынған Шерияның батысындағы Бетлехем, Наблус, Селфит және Дженин қалалары мен төңірегіндегі кейбір орындарға басып кірді.

Мәлімдемеде Дженинде Израиль армиясы мен қарулы топтар арасында қақтығыс шыққаны атап көрсетілді.

Израиль армиясы Шерияның батысындағы басқындарда барлығы 14 палестиналықты тұтқындағанын хабарлады.

Басып алынған елді-мекендерде тұратын палестиналықтар өз қалаларында Израиль армиясының шабуылына ұшырауда. Израиль армиясының Шерияның батысындағы әрекеттері және заң бұзушылықтары палестиналықтар мен халықаралық қауымдастықтың наразылығын туғызуда.

Израиль армиясының өткен апта Дженин қаласына жасаған басқынында «баспасөз» жазатын Оқ өткізбейтін жилет киген «Әл-Жазира» телеарнасының палестиналық әйел тілшісі Ширин Әбу-Акиле әскерлердің оқ атуы салдарынан басына оқ тиіп өлтірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар