Украинадағы орыс армиясының шығыны жарияланды

Украина Бас штабы Ресей армиясының 27 мың 900 сарбазының қаза тапқанын жариялады.

1828322
Украинадағы орыс армиясының шығыны жарияланды

Украина Бас штаб басқармасы Ресей армиясының 27 мың 900 сарбазынан, 201 әскери ұшағынан, 167 тікұшағынан және 1 мың 235 танкінен айырылғанын жариялады.

Украина Бас штаб басқармасының Ресей армиясының 24 ақпан-17 мамыр күндері аралығындағы шығынға байланысты мәлімдемесінде Ресей армиясының соңғы 24 сағатта тағы 200 сарбазынан айырылғаны хабарланды.

Мәлімдемеде Ресей армиясының жалпы 27 мың 900 сарбазынан айырылып, 201 әскери ұшақ, 167 тікұшақ, 1 мың 235 танк, 3 мың 9 броньды көлік, 578 зеңбірек, 198 зымыран тасығыш және 90 әуе қорғаныс жүйесінен айырылғаны атап көрсетілді.

Ресей күштерінің 2 мың 109 көлік, 13 кеме мен жеңіл жүрдек қайық және 436 пилотсыз әуе көлігінен айырылғаны жазылған мәлімдемеде орыстар атқылаған 97 қанатты зымыранның болса Украина әуе қорғаныс бөлімшелері тарапынан әуеде жойылғаны білдірілді.

Ресей Қорғаныс министрлігі 25 наурыз күні жасаған мәлімдемеде Украинада 1 мың 351 ресейлік сарбаздың қаза тапқанын жариялады.

Ресей әскерлері 24 ақпан күнінен бастап, Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар