Байден Кубаға шектемелерді жойды

Джо Байден бұрынғы президент Дональд Трамп кезінде Кубаға бағытталған кейбір шешімдердің күшін жойғанын білдірді.

1828129
Байден Кубаға шектемелерді жойды

Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден бұрынғы президент Дональд Трамп Кубаға жасаған кейбір шектеулерді алып тастады.

Ақ Үйден жасалған жазбаша мәлімдемеде Джо Байденнің бұрынғы президент Дональд Трамп кезінде Кубаға бағытталған кейбір шешімдердің күшін жойғаны білдірілді.

Байденнің шешімімен Кубаның астанасы Гаванадан басқа қалаларға ұшақ рейстері мен отбасын бірлестіру бағдарламаларының қайта бастайтыны хабарланды.

Кубаға білім беру немесе жұмыспен топтық сапарлар жасауға рұқсат берілетіні жазылған мәлімдемеде осы елге үш айда ең көп болғанда мың доллар ақша жолдау шектемесі де алынып тасталғаны білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар