Орыс армиясының шығыны күн сайын артуда

Орыс армиясы 27 мың 700 әскерінен айырылды.

1827465
Орыс армиясының шығыны күн сайын артуда

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының 27 мың 700 әскер, 200 ұшақ, 165 тікұшақ және мың 228 танкі жойылғанын хабарлады.

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының 24 ақпан мен 16 мамыр арасындағы шығындары жайлы жасаған мәлімдемесінде Украинаға шабуылдаған Ресей армиясының соңғы 24 сағатта 2 мың 300 әскерінен тағы айырылғанын жариялады.

Мәлімдемеде: "Ресей армиясы жалпы 27 мың 700 әскерінен айырылды. 200 ұшақ, 165 тікұшақ,  1228 танк, 2 мың 974 сауытты көлік, 577 зеңбірек, 195 зымыран соғар жүйесі және 89 әуеден қорғаныс жүйесі жойылды" деп көрсетілді.

Орыс күштері 2101 көлік, 13 кеме мен қайық және 427 ұшқышсыз әуе көлігінен де айырылды.

Ресей Қорғаныс министрлігі 25 наурыздағы мәлімдемесінде Украинада 1351 әскері қаза тапқанын хабарлаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар