Эврил Хэйнс Ресей-Украина соғысы жайлы маңызды мәлімдеме жасады

Хэйнс Ресей президенті Владимир Путиннің Украинада ұзаққа созылған бір соғысқа дайындық жасағанын білдірді.

1825154
Эврил Хэйнс Ресей-Украина соғысы жайлы маңызды мәлімдеме жасады

АҚШ ұлттық барлау қызметінің директоры Эврил Дэнника Хэйнс Ресей президенті Владимир Путиннің Украинада ұзаққа созылған бір соғысқа дайындық жасағанын білдірді. 

"Әлемдегі қауіптер" атты сессияға қатысқан Эврил Хэйнс 24 ақпаннан осы таңға дейін жалғасқан Ресей-Украина соғысына байланысты мәлімдеме жасады. 

Хэйнс Путиннің Украинада не істегісі келгеніне байланысты бір сұраққа "Орыстар сол жерде (Донбасста) жеңіске қол жеткізгеннің өзінде бұл соғысты доғармайды. Президент Путиннің Украинаның басқа аймақтарын жаулап алу үшін ұзаққа созылған бір соғысқа дайындық жасауда" деп жауап берді. 

Хэйнс Ресейдің ең алғашқы нысаналарына жете алмағанын, сондықтан басты түйінді астана Киевтен Донбасс аймағына жөткегенін білдірді. 

Эврил Хэйнс "Алдымыздағы 1-2 ай белгілеуші мерзім болады. Орыстар Донбасс аймағындағы әскери күштерін  арттырады. Путиннің стратегиялық нысаналары көп өзгермеді" деді. 

АҚШ Өкілдер Мәжілісі де президент Джо Байденнің Украина үшін ұсынған 33 миллиард долларлық жәрдем пакетінің көлемін 40 миллиард долларға шығарып бекітті. 

 



Ұқсас жаңалықтар