Зеленский: "Мариупольге әскери жолмен кіру мүмкін емес"

Украина президенті Владимир Зеленский Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен Киевте бас қосты.

1824036
Зеленский: "Мариупольге әскери жолмен кіру мүмкін емес"

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей армиясының қоршауындағы Мариуполь қаласына әскери жолмен кірудің қазірше мүмкін емес екенін мәлімдеді.

Украин ұлттық ақпарат агенттігі Ukrinform-ға қарағанда, Зеленский еліне ресми сапармен келген Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен бас қала Киевте өткен баспасөз мәслихатында Мариупольге қатысты мәлімдеме жасады.

Владимир Зеленский ресейлік сарбаздардың қоршауындағы Мариупольге бағыттап «Мариупольге әскери жолмен кіру мүмкін емес» деді.

Украинаның Мариупольге әскери жолмен кіру үшін тиісті ауыр қаруларға ие емес екенін айтқан Зеленский Ресейдің Мариупольден украиндық сарбаздарды эвакуациялау үшін ғана тұтқын айырбастағанын хабарлағанын білдірді.

Украина президенті онлайн форматта өткен саммитте айтқан сөзінде бейбіт тұрғындарды орыс шабуылдарынан қорғау үшін көп ұңғылы зымыран тасығыштар қажет екенін айтты.

Ресей армиясының кеше Украинаның Луганск аймағындағы Билохоривка ауылына әуеден шабуыл жасағанына назар аударған Зеленский «Орыс бомбасымен жасалған шабуылда мұнда 60 адам қаза тапты. Бұл адамдар ауылдағы мектепте шабуылдардан жасырынып жүретін туғын. Бұл фашистердің Еуропаға жасаған зұлымдығына еліктеу деген сөз» деді.

Ресейдің Одесса мен басқа қалаларға шабуыл жасағанын айтқан Зеленский «Бейбіт тұрғындарды Ресей шабуылдарынан қорғай алатын көп ұңғылы зымырандарға қажеттілігіміз бар» деді.

Ресейге қарсы санкцияларды күшейту керектігін атап көрсеткен Украина президенті «Зорлық-зомбылыққа қызмет ететін барлық ресейлік офицерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әсіресе судьялар санкция тізіміне ену керек. Бұл адамдар әлі тізімде жоқ. Әскери қылмыс жасаған барлық ресейліктер халықаралық ынтымақтастық арқылы жауапқа тартылып, тұтқындалу керек» деді.

Украинаға қаржылық қолдау көрсетудің маңыздылығына назар аударған Зеленский соғыста бүлінген инфрақұрылымды жөндеу үшін кемінде 600 миллиард доллар қажет екенін білдірді.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар