Украина соғысында орыс армиясының 25 мың 650 әскері қаза тапты

Украина Бас Штаб басқармасы Украинаға шабуылдаған Ресей армиясының соңғы 24 сағатта 150 әскерінен тағы айырылғанын жариялады.

1824027
Украина соғысында орыс армиясының 25 мың 650 әскері қаза тапты

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының 25 мың 650 әскер, 199 ұшақ, 158 тікұшақ және мың 145 танкі жойылғанын хабарлады.

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының 24 ақпан мен 9 мамыр арасындағы шығындары жайлы жасаған мәлімдемесінде Украинаға шабуылдаған Ресей армиясының соңғы 24 сағатта 150 әскерінен тағы айырылғанын жариялады.

Мәлімдемеде: "Ресей армиясы жалпы 25 мың 650 әскерден айырылды. 199 ұшақ, 158 тікұшақ,  1145 танк, 2 мың 764 сауытты көлік, 513 зеңбірек, 185 зымыран соғар жүйесі және 87 әуеден қорғаныс жүйесі жойылды" деп көрсетілді.

Орыс күштері 1970 көлік, 12 кеме мен қайық және 377 ұшқышсыз әуе көлігінен де айырылды.

Ресей Қорғаныс министрлігі 25 наурыздағы мәлімдемесінде Украинада 1351 әскері қаза тапқанын хабарлаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар