Конашенков Ресей-Украина соғысын бағалады

Конашенков Ресей армиясының Украинадағы соғыстағы әрекеттері туралы мәлімдеме жасады.

1823577
Конашенков Ресей-Украина соғысын бағалады

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков «Искандер» зымыран жүйесімен Харьковтегі Красноград және Карловка вокзалдары төңірегінде АҚШ және батыс елдерінен келген қару-жарақ пен әскери техникалық көліктердің жойылғанын айтты.

Конашенков Ресей армиясының Украинадағы соғыстағы әрекеттері туралы мәлімдеме жасады.

Теңізден және әуеден ұшырылған жоғары дәлдіктегі зымыранмен Арциз, Одесса және Вознесенск аймақтарындағы әскери әуежайларда Украина Әскери-әуе күштеріне тиесілі пилотсыз әуе көліктері және авиациялық қарулардың жойылғанын атап көрсеткен Конашенков «Харьков аймағындағы Красноград және Карловка теміржол вокзалдарының төңірегінде АҚШ пен батыс елдерінен жеткізілген көптеген қару-жарақ пен әскери-техникалық көлікке қоса Украина Қарулы күштерінің 58-ші мотоатқыштар бригадасының жеке құрамы «Искандер» тактикалық зымыран жүйесімен жойылды» деді.

Ресей Әуе-жауынгерлік-тактикалық бөлімшелерінің Жылан аралы төңірегінде Украина әуе күштеріне тиесілі Су-24 бомбалау ұшағы, Су-27 әскери ұшағы, ішінде сарбаздары бар 3 дана Ми-8 тікұшағы және 3 пилотсыз әуе көлігін әуеде атып түсіргенін атап өткен Конашенков Украинаның қарулы қайығы «Станиславдың» да жойылғанын атап көрсетті.

Конашенков осы уақытқа дейін Украинаға тиесілі 154 ұшақ, 115 тікұшақ, 764 пилотсыз әуе көлігі, 296 әуе қорғаныс зымыран жүйесі, 2 мың 902 танк пен броньды техника, 333 көп ұңғылы зымыран тасығыш, 1 мың 378 гаубица мен миномет, 2 мың 728 әскери техниканың жойылғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар