Ковид-19 індеті әлі аяқталған жоқ

Оңтүстік Африка мен басқа аймақтарда шыққан BA.4 және BA.5 қосалқы штаммдарды бақылап отыру керектігі білдірілді.

1822679
Ковид-19 індеті әлі аяқталған жоқ

Еуропа Одағының Дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) Еуропа Одағы Дәрілік ұйымы Ковит-19 індетінің әлі аяқталмағанын білдіріп, жаңа штаммдарға қарсы дайындық жасау керектігін ескертті.

Еуропа Одағының Дәрі-дәрмек агенттігі вакцина стратегиясының жетекшісі Марко Кавалери індет жайлы баспасөз жиналысында:

"Ковит-19 індеті әлі аяқтаған жоқ. Ковит-19 індеті өмірімізге әсер жасауды жалғастыруда. Алдағы қыста жұғымдалудың артуына себеп болатын жаңа штаммдардың пайда болуына қарсы дайын болуымыз керек" деді.

Қазір Оңтүстік Африка мен басқа да аймақтарда шыққан BA.4 және BA.5 қосалқы штаммдарды бақылап отыру керек екеніне назар аудару қажеттілігін айтқан Марко Кавалери індетпен күрестің басты құралы вакциналар екенін білдірді.

"Еуропада 16 жас және одан жоғарғы жастағылардан 500 мың адам вакцина арқылы аман қалды" деген Марко Кавалери Омикрон және басқа қазір анықталған штаммдарға лайықты вакциналардың қыркүйек айына дейін жетілдірілуі жоспарланғанын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар