Африкада Омикронның 2 жаңа түрі анықталды

Оңтүстік Африкадағы зерттермендер BA.4 және BA.5 деген екі жаңа қосалқы штаммды анықтады.

1822076
Африкада Омикронның 2 жаңа түрі анықталды

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы әлемде коронавирустың жаңа түрінің (Ковид-19) ең көп таралған Омикрон штаммының Оңтүстік Африкада 2 жаңа қосымша түрі анықталғанын жариялады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры, Доктор Тедрос Адханом Гебрейесус Швейцарияның Женева қаласындағы орталығында өткен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Тедрос Адханом Гебрейесус апталық жаһанддық Ковид-19 індетінен жан шығынының азайғанын айтып:

"2020 жылы наурыздан бері Ковид-19 індетінен  апталық жан шығыны ең төменге түсті.  Бұл жағдай қуантумен бірге вирус толық жойылған жоқ" деді.

Ковид-19 індеті штаммдары себепті Америка мен Африка аймағында жұғымдалу саны артқанын тілге тиек еткен Тедрос Адханом Гебрейесус:

"Ковид-19 індетінің ең көп таралған Омикрон штаммын анықтаған Оңтүстік Африкадағы зерттермендер BA.4 және BA.5 деген екі жаңа қосалқы штаммды анықтады. Оңтүстік Африкада соңғы күндердегі жұғымдалудың арту себебі осы штаммдар екені білдірілді" деді.

Тедрос Адханом Гебрейесус осы штаммдардың басқаларымен салыстырғанда ауыр науқас немесе өлім мөлшері жайлы нақтылы мәлімет берілмегенін білдіріп:

"Алғашқы санақтарға қарағанда Ковид-19 індетіне қарсы салынған вакциналар ауыр науқас пен өлімге қарсы қорғау ерекшелігде" деп көрсетті.

Тедрос Адханом Гебрейесус "Украина үшін Халықаралық бағыш жасау конференциясына" қатысу мақсатымен Польшаға баратынын айтты. 



Ұқсас жаңалықтар