Украина Ресейдің соғыс шығынын жариялады

"Ресей армиясы жалпы 24 мың 500 әскерден айырылды. 194 ұшақ, 155 тікұшақ,  1077 танк, 2 мың 610 сауытты көлік, 491 зеңбірек, 163 зымыран соғар жүйесі және 81 әуеден қорғаныс жүйесі жойылды."

1821973
Украина Ресейдің соғыс шығынын жариялады

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының 24 мың 500 әскер, 194 ұшақ, 155 тікұшақ және мың 77 танкі жойылғанын хабарлады.

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының 24 ақпан мен 4 мамыр арасындағы шығындары жайлы жасаған мәлімдемесінде Украинаға шабуылдаған Ресей армиясының соңғы 24 сағатта 300 әскерінен тағы айырылғанын жариялады.

Мәлімдемеде:

"Ресей армиясы жалпы 24 мың 500 әскерден айырылды. 194 ұшақ, 155 тікұшақ,  1077 танк, 2 мың 610 сауытты көлік, 491 зеңбірек, 163 зымыран соғар жүйесі және 81 әуеден қорғаныс жүйесі жойылды" деп көрсетілді.

Орыс күштері 1867 көлік, 10 кеме және жеңіл қайық,  303 ұшқышсыз әуе көлігінен де айырылды.

Ресей Қорғаныс министрлігі 25 наурыздағы мәлімдемесінде Украинада 1351 әскері қаза тапқанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар