Украина Ресей әскери шығындарын жариялады

Украина Ресей армиясының 23 мың 800 әскері, 194 ұшақ, 155 тікұшақ және 1048 танкі, 2518 сауытты көлік, 459 зеңбірек, 152 зымыран соғар жүйесі және 80 әуеден қорғаныс жүйесі жойылғанын хабарлады.

1821362
Украина Ресей әскери шығындарын жариялады

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының 23 мың 800 әскер, 194 ұшақ, 155 тікұшақ және мың 48 танкі күйретілгенін білдірді.

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының 24 ақпан мен 2 мамыр арасындағы шығындары жайлы жасаған мәлімдемесінде Украинаға шабуылдаған Ресей армиясының соңғы 24 сағатта 300 әскерінен тағы айырылғанын хабарлады.

Мәлімдемеде:

"Ресей армиясы жалпы 23 мың 800 әскерден айырылды. 194 ұшақ, 155 тікұшақ,  1048 танк, 2518 сауытты көлік, 459 зеңбірек, 152 зымыран соғар жүйесі және 80 әуеден қорғаныс жүйесі жойылды" деп көрсетілді.

Орыс күштері 1824 көлік, 8 кеме мен қайық, 76 жанармай көлігі және 271 ұшқышсыз әуе көлігінен де айырылды.

Ресей Қорғаныс министрлігі 25 наурыздағы мәлімдемесінде Украинада 1351 әскері қаза тапқанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар