Джо Байден Жапония мен Оңтүстік Кореяға барады

Бұл туралы Джен Псаки мәлімдеді.

1819617
Джо Байден Жапония мен Оңтүстік Кореяға барады

АҚШ президенті Джо Байден 20-24 мамырда Жапония мен Оңтүстік Кореяға барады.

Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки жазбаша мәлімдемесінде «Президент Байден үкіметтеріміз, экономикаларымыз бен халықтарымыз арасындағы байланысты одан әрі нығайту үшін 20-24 мамырда Оңтүстік Корея мен Жапонияға барады» деді.

Сапардың Байден әкімшілігінің «ашық және еркін Үнді-Тынық мұхиты» міндеттемесінің көрсеткіші болатынын айтқан Псаки: «Бұл сапар 12 және 13 мамырда Вашингтонда өтетін АҚШ-АSEAN (Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы) арнайы саммитін қоса алғанда, Үнді-Тынық мұхитымен бір жылдан астам қарқынды дипломатияның жемісі» деді.

Джо Байденнің Оңтүстік Кореяда да, Жапонияда да әріптестерімен кездесетінін айтқан Псаки елдер арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту, экономикалық байланыстарды кеңейту және ынтымақтастықты арттыру сияқты мәселелердің талқыланатынын атап өтті. Псаки Байденнің Токиоға сапары аясында Австралия, Жапония, Үндістан және АҚШ-тан тұратын «Төрттік» деп аталатын топтың отырысына да қатысатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар