Мариупольда ұзындығы 200 метрден асқан 3-ші топтық мазар анықталды

Украинаның Мариуполь қаласы маңында тағы бір топтық мазар анықталды.

1818585
Мариупольда ұзындығы 200 метрден асқан 3-ші топтық мазар анықталды

Ресей бақылауға алған Украинаның Мариуполь қаласы маңында тағы бір топтық мазар анықталды.

Мариуполь мэрі Вадим Бойченко украин баспасөзіне жасаған мәлімдемесінде өткен аптада Манхуш және Виноградна ауылдарында табылған топтық мазарларға қосымша түрде «Енді тағы біреуі бар екенін көріп отырмыз» деді.

Бойченко Ресейдің шабуылдары басталғалы бері шамамен 20 мың Мариуполь тұрғынының қаза тапқанын еске салып «Мариупольдегі жағдай өте қиын болып тұр» деді.

Бойченко орыс армиясының украин әскерлері мен бейбіт тұрғындар орналасқан Азовсталь металлургия зауытын да бомбалағанын тілге тиек етті.

Мариуполь қалалық кеңесінің Telegram-да жариялаған жазбасында Старый Крым ауылында табылған үшінші топтық мазардың ескі бір зираттың ішінде орналасқаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Молалар 24 наурыз күні Ресей ауылды басып алғаннан кейін пайда болды және шамамен 60-70 метр ұзындығында» делінді.

Жерсерігінен түсірілген суреттерге қарағанда кейбір мазарлардың 7 сәуірге дейін жабылып, жерлеу аумағының ұлғайтылғаны аталып «Сәуірдің 24-і күні жаңа қабірлердің қазылғаны байқалды. Топтық мазардың ұзындығы 200 метрден асады» делінді.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар