Конашенков Ресей-Украина соғысындағы соңғы жағдайды бағалады

Ресей Украинаның әскери нысандарына зымыран шабуылы жасады.

1818222
Конашенков Ресей-Украина соғысындағы соңғы жағдайды бағалады

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Донбасстағы украин әскерлеріне шетелдік қару-жарақ жеткізілген теміржол вокзалдарындағы тартқыш подстанция (қосалқы станция) орталықтарын жоғары дәлдіктегі зымырандармен алыстан атылғанын хабарлады. 

Конашенков Ресей армиясының Украинада соғыстағы әрекеттері туралы мәлімдеме жасады. 

Украинадағы нысандарға қарсы жоғары дәлдіктегі қару қолдануды жалғастырғандарына назар аударған Конашенков «Донбасстағы украин әскерлеріне шетелдік қару-жарақ пен әскери-техникалық көліктер жөнелтілген Красное, Здолбунов, Ймеринка, Бердичев, Ковель және Коростен теміржол вокзалдарының маңайындағы 6 тартқыш қосалқы станса алыс қашықтықтан атқыланған жоғары дәлдіктегі зымырандармен жойылды» деді. 

Бір күнде Украинаның 27 әскери нысанның дәлдігі жоғары зымырандармен жойылғанын атап өткен Игорь Конашенков әуе-тактикалық бөлімшелерінің де 82 әскери нысанды жойғанын атап көрсетті. 

Зымыран бөлімшелерінің 15 зымыранмен Украинаның «Точка-У» зымыран кешенін, басқару орталықтарын, броньды көліктері мен әскерлерін атқанын атап көрсеткен Конашенков Изюм, Донецк және Харьков қалалары айналасында 4 пилотсыз әуе көлігінің құлатылғанын мәлімдеді. 

Орыс мәлімдемеші «Украина армиясына тиесілі 141 әскери ұшақ, 110 тікұшақ, 570 пилотсыз әуе көлігі, 265 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі, 2 мың 554 танк пен миномет, 283 көп ұңғылы зымыран, 1 мың 104 гаубица мен миномет, 2 мың 380 арнайы әскери техника жойылды» деді. 



Ұқсас жаңалықтар