Ливаннан Израильге бір зымыран атылды

Израиль армиясы мемлекетінің солтүстігіне Ливаннан бір зымыран атылғанын хабарлады.

1817304
Ливаннан Израильге бір зымыран атылды

Израиль армиясынан жасалған мәлімдемеде атылған замыран салдарынан аймақтағы ескерту жүйесінің жұмыс істемегені білдірілді. 

Екінші мәлімдемеде болса "Зеңбірек жасақтары Ливандағы нысандарды бомбалауда. Израиль армиясы территориясына қарсы атылған зымыранға тойтарыс беруде" делінді.

Зеңбірек жасақтарының қай жерді атқаны жайлы егжей-тегжейлі мағлұмат берілмеді. 

Ливандағы Хизбулах ұйымына жақын "el-Ahbar" газеті зымыранның Сур қаласының оңтүстігінен атылғанын жазды. 

Аталмыш зымыран шабуылы жаулау астындағы Ирусалимде орын алған Әл-Акса мешіті және Батыс Шерияда Израиль мен Палестина арасында дағдарыс болған бір кезде болды. 

 



Ұқсас жаңалықтар