Израиль Премьер-министрі Джо Байденмен телефонда сөйлесті

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет пен АҚШ президенті Джо Байден телефонда сөйлесті.

1817326
Израиль Премьер-министрі Джо Байденмен телефонда сөйлесті

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннетт Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байденнің Иран төңкеріс сарбаздарын террор ұйымы тізімінен шығарылуына рұқсат бермейтініне «сенімді» екенін айтты.

Израиль үкіметінің баспасөз қызметінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Беннет телефон арқылы сөйлескен Байденді Пасха мерекесімен құттықтады.

Мәлімдемеде Беннеттің АҚШ президентін Иерусалимдегі «зорлық-зомбылық пен арандату әрекеттерін тоқтату үшін жасалып жатқан жұмыстар» туралы ақпарат бергені білдірілді.

Мәлімдемеде екі басшының Иран мәселесін де талқылағаны аталып, әсіресе Төңкеріс армиясын АҚШ-тың шетелдік террор ұйымдары тізімінен шығару туралы Иранның өтінішін бағалағаны атап көрсетілді.

Израиль Премьер-министр Беннет «Израильдің шынайы досы ретінде Израильдің қауіпсіздігін ойлайтын президент Байденнің Төңкеріс армиясын террористік ұйымдары тізімінен шығаруға рұқсат бермейтініне сенімдімін. Израиль бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын анық көрсетті. Иран Төңкеріс армиясы әлемдегі ең үлкен террор ұйымы болып табылады» деді.

Мәлімдемеде Джо Байденнің Нафтали Беннеттің Израильге шақыруын қабылдағаны және алдағы айларда осы елге ресми сапармен баратыны жоспарлағаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар