Ресей Милиоративное теміржол вокзалындағы қарулы украин батальонын жойды

Конашенков Ресей армиясының Украинадағы соғыстағы әрекеттері туралы ақпарат берді.

1816179
Ресей Милиоративное теміржол вокзалындағы қарулы украин батальонын жойды

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Коношенков Украинадағы бір теміржол станциясындағы қарулы батальонды «Калибр» зымырандарымен атқылағанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Коношенков Ресей армиясының Украинадағы соғыстағы әрекеттері туралы ақпарат берді.

Конашенков Украинада шабуылдарын жалғастырғандарын атап әртүрлі нысандарға бағыттап әуеден жоғары дәлдіктегі зымырандарды қолданғандарын білдірді.

Конашенков «Ұзақ қашықтықтағы жоғары дәлдіктегі «Калибр» зымырандарымен Милиоративное теміржол вокзалының маңында қару-жарақ пен әскери техникасы бар сарбаздардың батальоны жойылды» деді.

Түнімен әуеден жоғары дәлдіктегі зымырандармен Украинаның 3 әскери нысанының жойылғанын атап көрсеткен Конашенков осылайша S-300 әуе қорғаныс зымыран жүйесі, әскер мен техникалық көліктер жиналған алаңда 80-ге жуық қарулы күш пен 23 сауытты көліктің жойылғанын білдірді.

Ресей оперативтік-тактикалық бөлімшесінің 58 әскери нысанды жойғанын тілге тиек еткен Конашенков зымырандық және артиллериялық бөлімшелердің араларында басқару орталығы мен жанармай цистерналары бар 1 мың 285 нысанды атқылағанын хабарлады.

Херсон және Донецк аймақтарында 7 пилотсыз әуе көлігі атып түсіргендерін мәлімдеген Конашенков Ресейдің «Бук-М3» әуе қорғаныс жүйесі мен Украинаның «Точка-У» тактикалық зымыранының Донецк елді мекені маңында құлатылғанын атап көрсетті.

Конашенков осы уақытқа дейін Украина армиясына тиесілі 140 әскери ұшақ, 106 тікұшақ, 520 пилотсыз әуе көлігі, 257 әуе қорғаныс зымырандық жүйесі, 2 мың 448 танк пен броньды техника, 271 көп ұңғылы зымырандар, 1 мың 032 гаубица мен миномет, 2 мың 289 арнайы әскери техника жойылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар