Патшайым 96 жасында

Патшайым Елизавета елді 70 жыл юилеп, «Британ тарихындағы ең ұзақ билік еткен монарх» атағын алды.

1816029
Патшайым 96 жасында

Британ тарихындағы «билікте ең ұзақ отырған монарх» - патшайым Елизавета II өзінің 96 жасын атап өтуде.

Патшайым Елизавета II-нің туған күні ел астанасы Лондондағы Гайд-паркте зеңбірек атумен атап өтілді.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон және негізгі оппозициялық Жұмысшы партияның жетекшісі Кейр Стармер, сондай-ақ министрлер мен заң шығарушылар патшайымды туған күнімен құттықтады.

Патшайым Елизавета ағылшын монархиясында 70 жылдық билігімен «Британ тарихындағы ең ұзақ билік еткен монарх» атағын алды.

Оның Виндзор сарайында екі понимен түскен суреті жарияланды.

Туған күнінің аясында патшайым отбасы және достарымен британ әулеті 4 ұрпақ бойы пайдаланған Норфолктағы Сандрингем сарайында бас қосады.

Патшайымның  таққа отыруының 70 жылдығы биыл «Платина мерейтойы» деген атпен тойланбақ.



Ұқсас жаңалықтар