Ресей Украинаның Донбасстағы әскери нысандарын жойды

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков мәлімдеме жасады.

1814927
Ресей Украинаның Донбасстағы әскери нысандарын жойды

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Украина армиясының Донбасс аймағындағы нысандарын жоғары дәлдіктегі зымырандармен атқылағандарын мәлімдеді.

Игорь Конашенков Донбасс аймағындағы кейбір нысаналарға қарсы жоғары дәлдіктегі қару қолданылғанын атап көрсетті.

Конашенков «Калиново-Попасное елді мекенінің айналасындағы 2 бекініс алаңы, жаудың әскери техникасы мен Мирное, Славянск және Попасное елді мекендерінің айналасындағы дұшпан әскери құрал-жабдықтары және жауынгерлер жиналатын орын әуеден жоғары дәлдіктегі зымырандармен атқыланды. 180-ге жуық жауынгер мен 15 броньды техника жойылды. Сонымен қатар, Барвенково елді мекеніне жақын жерде «Бук-М1» әуе қорғаныс зымыран кешені жойылды» деді.

Ресей әуе күштерінің «31 украин әскери нысанын» атқанын  атап өткен Конашенков олар арасында Раздольное және Новогродовка елді мекендерінің айналасындағы 2 басқару орталығы, 28 әскери техника мен әскерлер жиналған аумақ және Приволье айналасындағы көп ұңғылы зымыран қоймасы бар екенін түсіндірді.

Ресей әуе қорғаныс жүйесінің Чернобаевка, Зализное және Покровское елді мекендері үстінде ұшқан 3 украин пилотсыз әуе көлігін құлатқанын білдірген Конашенков зымыран және артиллерия бөлімшелерінің 2 басқару орталығы, артиллерия батареялары мен бірқатар әскери техникалық көліктің де атылғанын тілге тиек етті.

Орыс мәлімдемеші «Осы уақытқа дейін Украина армиясына тиесілі 140 ұшақ, 490 пилотсыз әуе көлігі, 253 әуе қорғаныс зымырандық жүйесі, 2 мың 367 танк пен броньды техника, 256 көп ұңғылы зымырандар, 1 мың 021 гаубица мен миномет, 2 мың 225 арнайы әскери техника жойылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар