Кабулда бомбалы шабуылдар жасалды

Шабуылдарда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 6 адам қаза тапты.

1814420
Кабулда бомбалы шабуылдар жасалды

Ауғанстанның бас қаласы Кабулдың батысындағы Абдул Рахим Шейіт орта мектебі мен Мумтаз курсында бірінен соң бірі бомбалы шабуылдар жасалды.

Шабуылдарда алғашқы мағлұматтар бойынша 6 адамның  қаза тапқаны білдірілді.

Талибан уақытша үкіметінің Кабул полиция дирекциясының мәлімдемешісі Халид Задран әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде шиіттердің Кабулдың батысында үш бомбалы шабуылмен нысанаға алынғанын айтты.

Задран шабуылдарда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 6 адамның қаза тапқанын 11 адамның жарақат алғанын мәлімдеді.

Шабуыл орын алған аймаққа қарай барлық көшелердің көлік қозғалысына жабылғаны білдірілді.

Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім мойындамады.



Ұқсас жаңалықтар