Украина мен Ресейден шығындар туралы мәлімдемелер жасалды

Украина Ресейдің 20 мың әскер, 163 әскери ұшақ, 144 тікұшақ пен 756 танкінен айырылғанын хабарлады.

1812893
Украина мен Ресейден шығындар туралы мәлімдемелер жасалды

Украинаға 24 ақпан күні соғыс ашқан Ресей армиясының шамамен 20 мың әскерінен, 163 әскери ұшақ, 144 тікұшақ пен 756 танкінен айырылғаны хабарланды.

Украина Бас штаб басқармасы 24 ақпан-15 сәуір күндері аралығында Ресей армиясының шығыны туралы ақпаратты жариялады.

Бұған қарағанда, Украинаға шабуыл жасаған Ресей армиясының 20 мыңға жуық әскері қаза тауып, 163 әскери ұшақ, 144 әскери тікұшақ, 756 танк, 1 мың 976 броньды техника, 366 зеңбірек, 122 зымырандық жүйе және 66 әуе қорғаныс жүйесі жойылды.

Сондай-ақ ресейлік күштер 1 мың 443 көлік, 8 кеме және жеңіл жүрдек қайық, 76 жанар-жағар май көлігі және 135 пилотсыз әуе көлігін жоғалтты.

Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдемешісі Игорь Конашенков болса Ресей Қарулы күштерінің Украинадағы соғыстағы әрекеттері туралы мәлімдеме жасады.

Конашенков «Кеше Ресейдің Брянск аймағына қарасты Климово елді мекенінде бейбіт тұрғындарға шабуыл жасаған Украинаның Ми-8 әскери тікұшағы Чернигив аймағындағы Городня елді мекенінің айналасында S-400 әуе қорғаныс жүйесімен атып түсірілді» деді.

Киев маңында жоғары дәлдіктегі «Калибр» қанатты зымырандарымен әскери нысандардың атылғанын атап көрсеткен Конашенков «Шабуыл нәтижесінде «Визар» автокөлік зауытының ұзақ және орта қашықтықтағы зениттік және кемеге қарсы зымырандар шығарып, жөндейтін бөлімдері жойылды» деді.

Мариуполь қаласындағы болат зауытын бақылауға алғандарын атап көрсеткен Конашенков түнде Украинаға тиесілі 13 әскери нысананың орыс әскери ұшақтарымен жойылғанын білдірді.

Конашенков 24 ақпан күнінен бүгінге дейін барлығы 132 ұшақ, 105 тікұшақ және 245 әуе қорғаныс зымырандық жүйесіне қоса, 456 пилотсыз ұшақ, 2 мың 213 танк пен броньды техника, 249 көп ұңғылы зымыран тасығыш, 966 гаубица және миномет пен 2 мың 110 арнайы әскери техниканың жойылғанын түсіндірді.

Конашенков сондай-ақ Украинаның Харьков аймағындағы Изюмск елді мекенінде 30 поляк жалдамалы жауынгердің залалсыздандырылғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар