Ресейдің «Мәскеу» крейсері суға батып кетті

Ресей Қорғаныс министрлігі Қаратеңіз флотына тиесілі «Мәскеу» атты әскери кеменің суға кеткенін жариялады.

1812676
Ресейдің «Мәскеу» крейсері суға батып кетті

Ресей Қаратеңіз әскери-теңіз флотына тиесілі «Мәскеу» крейсерінің суға батып кеткенін білдірілді.

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның «Нептун» зымыранымен атқылағанын жариялаған Ресейдің Қаратеңіз әскери-теңіз флотына тиесілі «Мәскеу» атты кеменің соңғы жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде, «Мәскеу крейсерін тиісті портқа сүйреп бара жатқанда, өрт кезінде оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан корпустың зақымдануы себепті теңгерімін жоғалтты. Кеме дауылды теңіз жағдайына байланысты суға батып кетті» делінді.

Мәлімдемеде крейсер экипажының аймақтағы Қаратеңіз флоты кемелеріне эвакуацияланғаны еске салынды.

Қорғаныс министрлігі кеше кемедегі өрт салдарынан оқ-дәрілердің жарыла бастағанын, қысқа уақыттан кейін өртті бақылауға алып, оқ-дәрі жарылысын тоқтатқандарын хабарлаған болатын.

Кеменің жүзетін күйде екені айтылған мәлімдемеде өрттің шығу себебінің зерттеліп, кемені портқа тарту жұмыстарының басталғаны атап көрсетілген еді.

Украина мекемелері 13 сәуір күні «Нептун» зымыранымен Қаратеңізде Ресейге тиесілі «Мәскеу» атты крейсерді атқандарын және кемеде өрт шыққанын жариялаған болатын. Крейсердің экипаж санының 510 екені жарияланды. 

Украинадағы БАҚ 24 ақпан күні басталған Ресей-Украина соғысының алғашқы күндерінде Жылан аралында украин әскеріне шабуыл жасаған «Мәскеу» крейсерінің 2014 жылы Қырымды заңсыз аннексиялау кезінде украин кемелерінің жағалаудан шығуына кедергі жасағаны атап көрсетті. 

«Мәскеу» крейсері 16 дана 700 шақырымдық қашықтыққа ие кемеге қарсы зымырандарына қоса S-300 әуе қорғаныс зымыран жүйесімен жабдықталған бір кеме ретінде танымал. 

Кеме 2015 жылы Жерорта теңізіндегі Ресей Әскери-теңіз флотының тұрақты жұмыс тобын басқарды және Сириядағы орыс Хмеймим әскери әуе базасын қорғау қызметін атқарды.



Ұқсас жаңалықтар