Бачелет "Бучадағы мәйіттердің көріністері өте үрейлі" деді

Мишель Бачелет "Бучадағы топтық мазарлар және көшелерде жатқан мәйіттердің көріністерін көріп қайғыға баттым"  деді.

1812906
Бачелет "Бучадағы мәйіттердің көріністері өте үрейлі" деді

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет Украинаның Буча қаласында көшелерде жатқан мәйіттер мен топтық мазарлар жайлы жарияланған бейне көріністерді көріп қатты қайғырғанын білдірді.

Мишель Бачелет жазбаша мәлімдемесінде Буча көшелерде жатқан мәйіттер және топтық мазарлар туралы бейне көріністерге тоқталды. 

Бачелет Буча және басқа қалаларда бейбіт тұрғындардың өлтіріліп топтық мазарларға көмілгені жайлы көріністердің өте үрейлі екенін, сондай-ақ бұл әрекеттердің халықаралық адам құқықтарына қайшы болғанын білдірді. 

"Бучадағы топтық мазарлар және көшелерде жатқан мәйіттердің көріністерін көріп қайғыға баттым"  деген Бачелет топтық мазарлардағы мәйітттердің шығарылып, куәліктерінің белгіленуі және өлім себептерінің анықталуы керектігін түсіндірді. 

Мишель Бачелет Бучада болған оқиғаларды жарыққа шығару үшін тәуелсіз түрде тексерілуінің өте маңызды екенін айтты. 

Киев маңындағы Буча қаласын орыс күштерінен 1 сәуірде құтқарған Украина армиясы ғимараттар құлатылған, көшелер мәйіттерге толған бір қаланы көрді. Киев маңында  410 бейбіт тұрғынның мәйіті табылған еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар