Украинада 1 мың 932 бейбіт тұрғын қаза тапты

Мәлімдемеде  Ресей армиясының бомбалауынан осы таңға дейін 197 баланың көз жұмғаны, 351 баланың жарақат алғаны атап өтілді.

1812328
Украинада 1 мың 932 бейбіт тұрғын қаза тапты

Ресей-Украина соғысында Украинада кемінде 1 мың 932 бейбіт тұрғын қаза тапты, 2 мың 589 бейбіт тұрғын жарақат алды. Шабуылдардан кейін 4 миллион 656 мың 509 адам көрші елдерге өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариаты жасаған мәлімдемеде Украинадағы босқын дағдарысы туралы деректерге орын берілді. 

Мәлімдемеде 24 ақпан-13 сәуір күндері арасында Украинадан көпшілігі Польшаға барған 4 миллион 656 мың 509 адамның көрші елдерге өткені білдірілді.

Көрші елдерден Польшаға (2 миллион 669 мың 637), Румынияға (709 мың 249), Венгрияға (434 мың 342),Ресейге (433 мың 83), Молдоваға (415 мың 850), Словакияға (323 мың 20) және Беларусқа (21 мың 292) өткендер бар екені білдірілген мәлімдемеде Донецк және Луганск аймақтарынан да 21-23 ақпан күндерінде 113 мың адамның Ресейге өткені атап көрсетілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариаты мәлімдемешісі Шабиа Манту Анадолы хабар агенттігіне жасаған мәлімдемесінде кейбір украиналық босқындардың көрші елдер арасында жасағаны үшін жалпы санның көп болғанын айтқан еді. 

БҰҰ-на қарасты Халықаралық босқын ұйымы да Украина ішінде 7,1 миллион адамның қоныс аударғанын жариялаған болатын. 

Украина Бас прокуратурасынан жасалған мәлімдемеде де Ресей-Украина соғысында  24 ақпан-13 сәуір күндері арасында кем дегенде 1 мың 932 бейбіт тұрғынның қаза тапқаны, 2 мың 589 бейбіт тұрғынның жарақат алғаны баяндалды. 

Мәлімдемеде  Ресей армиясының бомбалауынан осы таңға дейін 197 баланың көз жұмғаны, 351 баланың жарақат алғаны атап өтілді.

 



Ұқсас жаңалықтар