Шанхай тұрғындары шектемеге наразылық көрсетуде
Шанхайлықтар үйлерінен айғайлау арқылы шектемені протест етуде.
Қытайдың Шанхай қаласында тұрғындар COVID-ке қарсы шектеулерге байланысты үйінде қамалып отыр, көпшілігі дәрі-дәрмек пен азық-түлік сатып алу үшін сыртқа шыға алмайды.
Желіде жарияланған видеодан тұрғындардың карантинге наразылық білдіріп, көпқабатты үйлердің терезесінен айғайлап жатқанын естуге болады. Лауазым иелері коронавирустың таралуын тосу үшін 5 сәуірден осы таңға дейін қаладағы 26 миллион адамның үйлерінен шығуларына тыйым салған еді. Эпидемияға қарсы мұндай қатаң шаралар Шанхай тұрғындарының наразылығын тудырды.
Ұқсас жаңалықтар
Тағы 8 палестиналық қаза тапты
Израиль армиясы Дженин қаласы мен Дженин босқындар лагеріне шабуыл жасады.
Ресей ядролық қаруды қолдану оқу-жаттығуын бастады
Ресей Қорғаныс министрлігі тақырыппен баланысты мәлімдеме жасады.