Ди Майо: "Бейбітшілік үшін аянбай еңбек етіп жатқан ел – Түркия"

Италия Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо мәлімдеме жасады.

1811828
Ди Майо: "Бейбітшілік үшін аянбай еңбек етіп жатқан ел – Түркия"

Италия Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо Ресей-Украина соғысында бейбітшілік үшін аянбай еңбек етіп жатқан елдің Түркия екенін мәлімдеді.

Ди Майо бір радио арнада Ресейдің Украинаға қарсы соғысы мен соңғы оқиғаларға қатысты жасаған мәлімдемесінде тараптар қабылдамаса да, өздерінің дипломатияны жылдамдату үшін жұмыс істеу керектігін және дипломатияның жалғыз шешім екенін атап көрсетті.

Еуроодақтың бір бейбітшілік конференциясы өткізуді ынталандыруы керектігін тілге тиек еткен Ди Майо «Атысты тоқтатуға дейін бейбітшілік конференциясын жылдамдатуымыз керек. Бейбітшілік үшін аянбай еңбек етіп жатқан ел – Түркия. Сондай-ақ екі жақпен де сөйлесе алады» деді.

Итальяндық және ресейлік лауазымдылар арасында «жағымсыз сөздермен» біраз жанжал болғанын еске салған Ди Майо Мәскеумен әрқашан ашық бір байланыстары бар екенін білдірді.

Министр Ди Майо санкциялармен Ресей президенті Владимир Путиннің қаржылық ресурстарына кедергі жасамағанда, орыс көшбасшының бұл соғысты қаржыландыруды жалғастыратынын және жеңіске жететінін ойлағаны үшін келіссөз үстеліне отырмайтынын баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар