Болгария вакцинация сертификатын көрсету міндеттемесін алып тастады

Болгария Түркиядан талап ететін Ковид-19 вакцинасы сертификатын көрсету міндетін алып тастады.

1811838
Болгария вакцинация сертификатын көрсету міндеттемесін алып тастады

Болгария Денсаулық сақтау министрлігі бүгіннен бастап Түркиядан елге келушілерден талап етілген Ковид-19 вакцинасы сертификатын көрсету міндетін алып тастады.

Болгария Денсаулық сақтау министрі Асена Сербезова өз мәлімдемесінде бүгіннен бастап Түркияға қоса Солтүстік Македония, Румыния, Сербия, Венгрия, Чехия, Словакия, Израиль және Мысырдан келгендердің Ковид-19 вакцина сертификаты міндетінен босатылатынын айтты.

Сербезова бұл қаулымен әртүрлі халықаралық жұмыстарға қатысатын одақтас НАТО-ға мүше елдерден келетін адамдардың да Ковид-19 вакцинация сертификатын көрсетуі қажет емес екенін айтты.

Болгарияда Ковид-19 туралы «Төтенше эпидемиялық жағдай» режимі 1 сәуір күнінен бастап күшін жойған еді.



Ұқсас жаңалықтар