Ресейге жаңа санкциялар үстелде

Жозеп Боррел Украинаға сапары арқылы Ресей күштерінің Донбассқа беталғаны байқалғанын жеткізді.

1810437
Ресейге жаңа санкциялар үстелде

Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррел Ресейге жаңа санкциялардың үстелде екенін айтты.  

Жозеп Боррел Люксембургде ұйымдастырылған Еуропа Одағының Сыртқы істер министрлері жиналысы алдында журналистерге жауап берді.

24 ақпанда Украинаға шабуыл жасаған Ресейге мұнай эмбаргосы туралы сұраққа Жозеп Боррел Ресейге жаңа санкциялардың әрқашан үстелде екенін, министрлердің тың қадамдарды кеңесетінін білдірді.

Жозеп Боррел Украинаға сапары арқылы Ресей күштерінің Донбассқа беталғаны байқалғанын жеткізді. 

Еуропа Одағының Сыртқы істер министрлері 24-25 наурыздағы лидерлер саммитінің нәтижелеріне негізделе отырып бағаландыру жасайды.

Жиналыста Украинамен бірге Мали, Ливия және Йемендегі жағдайлар да талқыланады. 



Ұқсас жаңалықтар