Словакия Украинаға S-300 әуе қорғаныс жүйесі жіберді

Словакия премьер-министрі Эдуард Хегер Украинаға S-300 әуе қорғаныс жүйесін жібергендерін мәлімдеді.

1809588
Словакия Украинаға S-300 әуе қорғаныс жүйесі жіберді

Хегер Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде ел баспасөзінде «Словакия Киевке S-300 әуе қорғаныс жүйесі жіберілгені» жөніндегі жаңалықты растады.

«Словакияның Украинаға S-300 әуе қорғаныс жүйесін бергенін растағым келеді» деген Хегер «Украин халқы өз елінің егемендігін де, бізді де ерлікпен қорғап жатыр. Ресейдің шабуылдарынан туындаған адам шығынына қарсы үнсіз қарамау және көмектесу біздің міндетіміз» деді.

Басқа жақтан премьер-министр Хегер Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен бірге Украинаның бас қаласы Киевке барды.



Ұқсас жаңалықтар