Ресей Украинаның соңғы әскери шығындарын жариялады

Игорь Конашенков Украинадағы 42 әскери инфрақұрылымды тағы жойғандарын мәлімдеді.

1809369
Ресей Украинаның соңғы әскери шығындарын жариялады

Ресей Қорғаныс министрлігі кеше Украина армиясына тиесілі 42 әскери инфрақұрылымның жойылғанын хабарлады.

Министрлік баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Украинадағы әскери инфрақұрылым нысандарына шабуылдарын жалғастырғандарын білдіріп, кеше Украинаның Житомир аймағындағы теміржол вокзалындағы әскери техниканың дәлдігі жоғары зымырандармен атылғанын мәлімдеді.

Нысанаға алынған әскери техниканың Донбасс аймағындағы Украина әскери бөлімдеріне жеткізілетінін алға тартқан Конашенков Украинада кешегі әуе шабуылдарында 42 әскери инфрақұрылымның жойылғанын айтты.

Конашенков «Бүгінге дейін Украина армиясына тиесілі 125 әскери ұшақ, 95 тікұшақ, 416 пилотсыз әуе көлігі, 2 мың 3 танк пен броньды көлік, 220 көп ұңғылы зымыран, 869 гаубица мен миномет, 1 мың 902 арнайы әскери көлік жойылды» деді.

Ресей әскерлері 24 ақпан күнінен бастап Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар