"Соғыс батысқа Türkiye-нің маңыздылығын тағы бір рет көрсетті"

Италияның Türkiye-дегі бұрынғы елшілерінің бірі Карло Марсили Анадолы агенттігіне сұхбат берді.

1808078
"Соғыс батысқа Türkiye-нің маңыздылығын тағы бір рет көрсетті"

Италияның Türkiye-дегі бұрынғы елшілерінің бірі Карло Марсили Ресей-Украина соғысының батысқа Türkiye-нің гео-стратегиялық маңыздылығын тағы бір көрсеткенін мәлімдеді.

2004-2010 жылдар аралығында Италияның Türkiye-дегі елшісі қызметін атқарған және Италиядағы мемлекеттік мекемелерге Türkiye-ге қатысты тақырыптарда кеңесшілік жасаған Марсили, Украина-Ресей соғысында Türkiye қонақжайлық жасаған келіссөз жұмыстары туралы Анадолы агенттігіне сұхбат берді.

Марсили 24 ақпан күні басталған Украина-Ресей соғысында Türkiye-нің тараптардың басын екі рет қосуы туралы «Türkiye бұл дағдарысты мұндай шарттарда өте жақсы басқарды. Өйткені әртүрлі дұрыс бастамалар жасады» деді.

Türkiye-нің екі жаққа да сенім беретінін атап көрсеткен Марсили «Мұның алғашқы нәтижесі Türkiye-дегі Анталия дипломатиялық форумында байқалды. Ресей мен Украинаның сыртқы істер министрлері осындағы жиналысқа қатысты. Өткен күндерде Стамбулда келіссөздер жалғасты. Болашаққа қарағанда табиғи түрде мұның жалғасатынын, бірақ оңай бір жұмыс болмайтынын ойлаймын» деді.

Türkiye-нің делдалдық рөліне қатысты отставкадағы елші «Мұны істей алатын басқа ел көріп тұрған жоқпын» деді.

Украина-Ресей соғысымен батыстық елдердің Türkiye-нің маңызын қайта түсініп түсінбегені сұралған Марсили «Соғыс батысқа Türkiye-нің гео-стратегиялық маңыздылығын тағы бір рет көрсетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар