Антониу Гутерреш Ресейді айыптады

"Бучада өлтірілген бейбіт тұрғындардың қорқынышты көріністері естен кетпейді" деген Антониу Гутерреш тәуелсіз тергеу бастауға шақырды.

1807709
Антониу Гутерреш Ресейді айыптады

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерреш Ресейді Украинаны жаулап алып, халықарада танылған шекараларды қайта сызуға ұрынумен айыптады.

Антониу Гутерреш Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіндегі сөзінде Украинадағы соғыстың халықаралық қоғам дөп келген ең ауыр мәселенің бірі екенін айтты.

Ресейдің 24 ақпанда Украинаға бастаған соғысының "Толық қанды жаулап алу" екенін айтқан Бас хатшы Ресейді Украинаны жаулап алып, халықарада танылған шекараларды қайта сызуға ұрынумен айыптады.

Антониу Гутерреш Ресейдің БҰҰ келісіміне қайшылық жасағанын және соғыс себепті Екінші Дүниежүзілік соғыстан бергі ең ауыр мекенінен кетуге зорлау оқиғасы болып жатқанын айтты.

"Бучада өлтірілген бейбіт тұрғындардың қорқынышты көріністері естен кетпейді" деген Антониу Гутерреш тәуелсіз тергеу бастауға шақырды.

Антониу Гутерреш даму жолындағы 74 елдегі 1.2 миллиард адамның азық-түлік пен энергия бағасының артуының әсерінде қалғанын ескертті.



Ұқсас жаңалықтар