Африкада азық-түлік дағдарысы артты

Батыс Африкада азық-түлік бағасының 3 жылда 30 пайыз артқаны, Ресей мен Украина соғысының жағдайды ушықтырғаны білдірілді.

1807600
Африкада азық-түлік дағдарысы артты

Батыс Африкада соңғы он жылдағы ең ауыр азық-түлік дағдарысы болып жатыр.

Лондонда орналасқан Oxfam Халықаралық гуманитарлық ұйымынан жасалған мәлімдемеде Сахельдің кейбір аймақтарында астық өндірісі өткен жылмен салыстырғанда үштен бір өреде азайғаны және негізгі азық-түлік материалдары қорының таусылу алдында екені білдірілді.

Құрғақшылық, сел, қақтығыстар және Ковид-19 індеті сияқты себептермен миллиондаған адамның мекенінен кетуге мәжбүр қалғаны білдірілген мәлімдемеде азық-түлік бағасының 3 жылда 30 пайыз артқаны, Ресей мен Украина соғысының жағдайды ушықтырғаны атап көрсетілді.

Соңғы он жылда Буркина-Фасо, Нигер, Чад, Мали және Нигерияны қамтыған Батыс Африка елдерінде дағдарыстың асқынғаны, 2015 жылы 7 миллион болған шұғыл гуманитарлық жәрдемнің 27 миллионға көтерілгені жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар