Зеленский Ресеймен келіссөз үшін арнайы делегация қалыптастырды

Украина президенті Ресеймен қауіпсіздік кепілдігі жөнінде келіссөздер жүргізу үшін тұрақты делегация қалыптастырды.

1807270
Зеленский Ресеймен келіссөз үшін арнайы делегация қалыптастырды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен қауіпсіздік кепілдігі жөнінде келіссөздер жүргізу үшін тұрақты делегация қалыптастырды.

Украина президенттігінің мәлімдемесіне сәйкес, Зеленский жарлыққа қол қойып, Ресеймен мемлекеттің қауіпсіздігіне кепілдік беру жөніндегі келісім жобасын дайындау және бекіту бойынша келіссөздерге қатысу үшін делегация құрды.

Биліктегі «Халықтың қызметкері» партиясының депутаты Давид Арахамия төрағалық еткен делегация құрамында Әділет министрі Денис Малуска, Президент кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк, Қорғаныс министрі Алексей Резников, Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Микола Точицкий, сондай-ақ депутаттар Андрей Костин, Дмитрий Лубинец  және Рүстем Умеров бар.

Делегацияның сарапшылары ретінде заңгер Александр Малиновский мен дипломат Александр Чалый тағайындалды.

Украиналық келіссөзші Арахамия соңғы рет Стамбулдағы  келіссөз кездесуінен кейін арасында Түркия да бар 8 елді кепіл ел ретінде көргісі келгендерін айтқан еді.

Ресей әскерлері 24 ақпанда Украинаға шабуыл бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар