"Өкінішке орай, мемлекет Орталық банк сияқты банкротқа ұшырады"

Ливан премьер-министр орынбасары Саад әл-Шами Ливан мемлекетінің банкротқа ұшырағанын мәлімдеді.

1806891
"Өкінішке орай, мемлекет Орталық банк сияқты банкротқа ұшырады"

Ливан премьер-министр орынбасары Саад әл-Шами жылдар бойы экономикалық дағдарыспен күресіп келе жатқан мемлекеттің банкротқа ұшырағанын білдірді.

Ливан үкіметі атынан Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ) келіссөздерді жалғастырған делегация басшысы Шами бір телеарнада елдің экономикалық жағдайы туралы мәлімдеме жасады.

Ливанда 2019 жылдан бері жалғасып жатқан экономикалық дағдарыстан туындаған жағдайға тоқталған Шами «Өкінішке орай, мемлекет Орталық банк сияқты банкротқа ұшырады. Мемлекет, Орталық банк, банктер мен депозиттік шоттар арасында шығын бөлінеді» деді.

Шами ХВҚ-мен келіссөздерде үлкен ілгерілеушілікке қол жеткізгендерін, әртүрлі тақырыптарда келіссөздердің жалғасып жатқанын және жақын арада келісімге қол жеткізуді үміт еткендерін білдірді.

Орталық банктегі доллар өтімділігі мәселесі және валюталық резервтердің еруі елде күрделі дағдарыстардың басталуына себеп болды.

Халықаралық Адам құқықтары ұйымы 2022 жылдың наурыз айында жарияланған есепте Ливан халқының 80 пайызының аштық алдында тұрғанын ескертті.



Ұқсас жаңалықтар