Дмитрий Песков Буча қаласына байланысты айыптарды қабылдамайтындарын айтты

Песков ел астанасы Мәскеуде өзекті мәселелер бойынша мәлімдеме жасады.

1806842
Дмитрий Песков Буча қаласына байланысты айыптарды қабылдамайтындарын айтты

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаның Буча қаласына байланысты еліне тағылған айыптарды қабылдамайтындарын айтты.

Песков ел астанасы Мәскеуде өзекті мәселелер бойынша мәлімдеме жасады.

Украинаның Буча қаласында түсірілген кадрларға баға берген Песков бейбіт тұрғындардың өлтірілгені туралы ақпаратқа күмәнмен қарау керектігін алға тартты.

Песков "Біз көрген кадрларға сенбеуіміз керек. Біздің Қорғаныс департаментінің сарапшылары кадрлардың жалған екенін анықтады" деді.

Ел басшыларының Бучадағы жағдайға қатысты жеткілікті дәлелсіз мәлімдеме жасауға асықпауы және әртүрлі дереккөздерден ақпарат сұрауы керектігін баса айтқан Песков: "Біз кез-келген айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарамыз. Сондай-ақ бұл мәселені жоғары деңгейде талқылау керек деп ойлаймыз» деді.

Бұл мәселені Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде  талқылауды ұсынғандарын айтқан Песков бұл ұсынысқа тосқауыл қойылғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар