90-нан астам мигрант қаза тапты

Ливия Солтүстік Африкадан Еуропаға заңсыз өткісі келетін тұрақты емес мигранттар жиі қолданатын бағыттардың бірі болып саналады.

1806448
90-нан астам мигрант қаза тапты

Жерорта теңізіндегі трагедияда 90-нан астам  мигранттың қаза тапқаны хабарланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының  Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Гранди Жерорта теңізіндегі теңіз апатына қатысты Twitter-дегі «Шекарасыз дәрігерлердің» жазбасына сілтеме жасаған хабарламасында «Жерорта теңізіндегі тағы бір қайғылы оқиғада 90-нан астам адам қаза тапты» деген сөздерді қолданды.

Еуропа елдерінің мигранттарға қатысты қос стандартына тоқталған Гранди: "Еуропа Украинадан келген 4 миллион босқынды жомарт және тиімді түрде қабылдауға қабілетті екенін дәлелдеді. Енді ол мұны өз есігін қағып тұрған басқа босқындар мен мигранттарға қалай қолдану керектігін тез арада қарастыруы керек" деді.

Осы арада «Ливиядан бірнеше күн бұрын шығып, Жерорта теңізін кесіп өтуге тырысқан  қайықта 90-нан астам  мигрант халықаралық суларда қайтыс болды» деп хабарлады «Шекарасыз дәрігерлер».

Ливия Солтүстік Африкадан Еуропаға заңсыз өткісі келетін тұрақты емес мигранттар жиі қолданатын бағыттардың бірі болып саналады.



Ұқсас жаңалықтар