Столтенберг Türkiye-ге алғыс айтты

НАТО Бас хатшысы: "Ресей Украина астанасы Киев пен басқа қалаларға қысымын жалғастыруда. Сол себепті тіпті қайғылы шабуылдар күтілуде" деді.

1805139
Столтенберг Türkiye-ге алғыс айтты

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Украина мен Ресей арасындағы кездесулерге үй иесі болғаны себепті Türkiye-ге алғыс айтты.

Йенс Столтенберг Бельгияның астанасы Брюссельде НАТО 2021 Жылдық рапортын жариялау үшін ұйымдастырған баспасөз жиналысында 24 ақпаннан бері жалғасқан Украина мен Ресей соғысының соңғы жағдайларына тоқталды.

Йенс Столтенберг соғысты тоқтату үшін жасалған талыпынстарға риза екенін айтып:

"Осы аяда Украина мен Ресей арасындағы кездесулерге үй иесі болғаны себепті алғыс айтамын" деді.

Ресейдің Киев маңында және Украинаның солтүстігінде шабуылды азайтатыны мәлімдемелерін естігендерін айтқан Столтенберг:

"Ресей ниеті жайлы жалған сөйледі. Ресейдің сөзін емес, әрекетін бағалаймыз" деді.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг:

"Барлауға қарағанда орыстар кері шегінген жоқ, қайта орналасуда. Ресей қайта есін жинап, қайта толықтанып жатыр және Украинаның Донбасс облысына шабуылы мөлшерленуде. Ресей Украина астанасы Киев пен басқа қалаларға қысымын жалғастыруда. Сол себепті  тіпті қайғылы шабуылдар күтілуде" деп көрсетті.

Ресейдің дағдарысты шешу үшін саяси жігер көрсетпегенін айтқан Столтенберг Ресейді соғысты тоқтатуға және диалогке шақырды.

НАТО Бас хатшысы Украинаға НАТО одақтастарының қоладуы жалғасатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар