Украина Қаратеңізде жүзген теңіз миналары үшін Ресейді айыптады

Украина Сыртқы істер министрлігі Türkiye мен Румынияда байқалған теңіз миналары үшін Ресейді айыптады.

1804220
Украина Қаратеңізде жүзген теңіз миналары үшін Ресейді айыптады

Украина Қаратеңізде байқалған теңіз миналары үшін Ресейді айыптады.

Украина Сыртқы істер министрлігі Türkiye мен Румынияда 26-28 наурыз күндері байқалған теңіз миналарының 2022 жылдың басынан бастап Украина Әскери-теңіз күштерінің тіркеуінде емес екенін анықтағандарын мәлімдеді.

Министрліктің ресми парақшасында жарияланған мәлімдемеде Орыс әскери күштерінің 2014 жылы Украинаның Севастополь қаласын уақытша оккупациялау кезінде басып алған теңіз миналарын пайдаланып, халықаралық серіктестердің көзінше Украинаны әдейі арандатуға және беделін түсіруге әрекет жасағаны айтылған.

Мәлімдемеде Ресей әдейі бүкіл Қаратеңіздегі, Азовтағы, сондай-ақ Керчь пен Қаратеңіз бұғазындағы теңіз миналарын ең алдымен азаматтық жүк кемесі мен теңіздегі адам өміріне қауіп төндіретін іс жүзінде ешкімге де-факто айырмашылығы жасамайтын қаруға айналдырғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Украинаға қарсы кең ауқымды соғыс бастаған Ресей Әскери-теңіз күштерінің азаматтық кемелерді тоқтатып жоюға және Украинаны теңізден бомбалауға қоса теңіз миналарын жаңа бір «қарақшылық әдісі» ретінде пайдаланғаны да атап көрсетілді.

Мәлімдемеде жүзетін миналарды пайдалану және олардың салдары үшін жауапкершіліктің тек Ресей Федерациясы және оның әскери-теңіз күштеріне тиесілі екені баса айтылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) болса Ресей-Украина соғысы басталғаннан кейін Қаратеңізде байқалған теңіз миналарына қатысты «халықаралық сулардағы миналар елеулі алаңдаушылық туғызады» деп хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының мәлімдемешісі Стефан Дюжаррик «Біз оқиғаларды қадағалап отырмыз, халықаралық сулардағы минаның барлық түрлері өте алаңдатады. Әсіресе олардың халықаралық жүк тасымалдауына әсері тұрғысынан. Біз айтып отырған аймақ әрі Ресей, әрі Украинадан азық-түлік экспорты үшін өте маңызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар