Türkiye Израильдегі шабуылдарды айыптады

Израильде бір аптада үш шабуыл жасалды.

1804409
Türkiye Израильдегі шабуылдарды айыптады

Бени Барак қаласындағы қарулы шабуылда 4 адам қаза тапты. Шабуылшы атып залалсыздандырылды.

Полиция жасаған мәлімдемеде Бени Баракта «бір террористің көшедегі бейбіт тұрғындарға автоматпен оқ жаудырғаны, содан кейін басқа көшеге өтіп, сол жерде де бейбіт тұрғындарды нысанаға алғаны» айтылды.

Израиль Қауіпсіздік күштерінің шабуылдаушыны залалсыздандырғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде шабуылшының жеке басы мен құрбандар туралы мәліметке орын берілмеді.

Премьер-министр Нафтали Беннет қарулы шабуылға байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Елде бір аптада үшінші рет жасалған осындай шабуылға назар аударған Беннет «Израиль араб терроры толқынымен бетпе-бет келді» деді.

Терроризммен күресті жалғастыратындарын атап көрсеткен Израиль премьер-министрі «Жақындарынан айырылған отбасыларға жаным ашиды. Жаралылардың сауығып кетуін тілеймін. Қауіпсіздік күштері жұмыс үстінде. Терроризммен табандылық, күш-жігер және темір жұдырықпен күресеміз. Олар бізді бұл жерден шығара алмайды. Біз жеңіске жетеміз» деді.

Израиль армиясы Бени Барак қаласындағы шабуылдың артынан «Палестиналықтардың жасырын елге кіру ықтималы» себепті Батыс жағалауға қосымша күш жіберетінін хабарлады.

Бас штаб басқармасы төрағасы Авив Кохави «Жасыл желі» маңындағы аймаққа, Иерусалим мен оның аудандарына, ірі еврей елді мекендері мен Батыс жағалауға қосымша күш жіберуге бұйрық берді.

Израильге палестиналықтардың кіруінің алдын алу мақсатты қызмет ететін қосымша күштердің санының 4 батальон әскер екені білдірілді.

Елдің оңтүстігіндегі Бируссеба қаласында 22 наурыз күні пышақпен жасалған шабуылда 4 бейбіт тұрғын, Хадера қаласында 27 наурыз күні кешке екі шабуылшы атқан оқтың салдарынан 2 полиция қаза тапқан, 3 полиция қызметкері жараланған болатын.

Соңғы шабуылдың жауапкершілігін ДАИШ террор ұйымы мойындады.

Türkiye-нің Израиль елшілігі шабуылды айыптағанын жариялады.

Елшіліктің әлеуметтік желідегі парақшасынан жасалған мәлімдемеде «Израильдің Бени Барак қаласында 29 наурыз күні кешке болған террор шабуылында кемінде 5 адам қаза тапқан террор шабуылын айыптаймыз» делінді

Елшілік мәлімдемесінде сонымен қатар «Бени Барак қаласында қаза тапқандардың отбасыларына, Израиль үкіметі мен халқына көңіл айтамыз және жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз» делінген.



Ұқсас жаңалықтар