Мариуполь қаласында өмір өте қиын

Мариуполь қаласының әкімі Вадим Бойченко: "Мөлшермен160 мың бейбіт тұрғын қоршаудағы Мариуполь қаласында өмір сүруде" деді.

1803223
Мариуполь қаласында өмір өте қиын

Мариуполь қаласының әкімі Вадим Бойченко ұлттық бір телеарнаға жасаған мәлімдемесінде:

"Мариуполь қаласында өкінішке орай әлі көптеген халық тұрып жатыр. Бұл сан 100 мыңнан асады. Мөлшерімізге қарағанда 160 мың бейбіт тұрғын қоршаудағы Мариуполь қаласында өмір сүруде" деді.

Мариуполь қаласында өмір сүрудің қиындағанын, қалада электр, жылу, су және телефон жүйелері жоқ екенін айтқан Вадим Бойченко бұл жағдайды "Ресей армиясының Мариуполь қаласына бағыттаған қырғыны" деп бағалады.

Вадим Бойченко Ресейдің Мариуполь қаласына гуманитарлық дәліз салуға уәде бергеніне қарамай, іс-жүзінде мұны тосқанын білдірді.

Орыс армиясы Украинаға 24 ақпанда соғыс бастады.



Ұқсас жаңалықтар