АҚШ 100 мың украиналықты қабылдайды

АҚШ украиналықтарға бір миллиард доллардан астам гуманитарлық жәрдем беретінін білдірді.

1801482
АҚШ 100  мың украиналықты қабылдайды

Америка Құрама Штаттары соғыстан қашқан 100 мың украиналықты елге қабылдайтынын жариялады.

Ақ Үйден жасалған жазбаша мәлімдемеде Америка Құрама Штаттарының  Украинадағы соғыстан зардап шеккендерге жәрдем ету үшін қолынан келген қолдауды беретіні білдірілді.

Америка Құрама Штаттарының Ресейдің Украинаға бағыттаған шабуылдарының әсерінде қалған адамдарға бір миллиард доллардан астам гуманитарлық жәрдем беретіні білдірілген мәлімдемеде:

"Украина мен көрші елдеріне 320 миллион долларлық демократия және адам құқығы қаржысы беріледі" деп көрсетілді.

Украинадан қашқан адамдардың алғашқы талғамы Еуропа елдерін паналау екені білдірілген мәлімдемеде:

"Орыс шабуылынан қашып АҚШ Босқын қабылдау бағдарламасы сияқты заңдық жолдармен келген 100 мың украиналықты АҚШ-қа қабылдауға дайынбыз" деп көрсетілді. 



Ұқсас жаңалықтар