Moderna балалар вакцинасы әсерлі болды

Moderna компаниясы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан (FDA) балаларға вакцина салу үшін шұғыл мақұлдау сұрайды.

1800851
Moderna балалар вакцинасы әсерлі болды

Америка Фармацевтикалық компаниясы Moderna балаларға арналып өндірілген жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті  вакцинасының ересектерде болғанындай "жақсы нәтиже" жаратқанын хабарлады.

Moderna компаниясынан жасалған мәлімдемеде 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларға салынған екі дана 25 микрограмм Ковид-19 вакцинасының 18-25 жас арасындағы жастарға салынған екі дана 100 микрограмм компонент Ковид-19 вакцинасымен ұқсас иммундық нәтиже жаратқаны туралы хабарланды.

Мәлімдемеде балаларға 28 күн аралықпен екі компонент Ковид-19 вакцинасын салудың нәтижесі «мықты бейтараптандыратын антидене реакциясын»  көрсеткені білдірілді.

Moderna компаниясы өндірген Ковид-19 вакцинасының 6 айдан 2 жасқа дейінгі балаларда Омикрон штамын тосуда 44 пайыз әсерлі болғанын хабарлады. 

Moderna компаниясы алдағы апталарда Америка Құрама Штаттарының Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан (FDA) балаларға вакцина салу үшін шұғыл мақұлдау сұрайды.



Ұқсас жаңалықтар