Бір айда Киевті қоршауға ала алмады

Украина Бас штаб басқармасы хабарлама жариялады.

1801035
Бір айда Киевті қоршауға ала алмады

Украина Бас штаб басқармасы Ресейдің бір айда Киевті қоршауға ала алмағанын білдірді.

Бас штабтан жасалған хабарламада Ресейдің Украинаға бір ай бұрын бастаған шабуылы мен майдандағы соңғы ахуал қолға алынды. Ресейдің Донецк және Луганск аймақтарының әкімшілік территориясына кіре алмағаны, Киев қаласын қоршауға ала алмағаны және Украинаның сол бөлігіндегі бақылауды қолға алу міндетін орындай алмағаны білдірілді.

Сонымен бірге Ресейдің Киев, Чернигов, Суми, Харьков пен Мариупольді алу мақсатымен шабуылды қайта бастаудан бас тартпағанына назар аударылды.

Ресей Қарулы күштері майдандағы жағдайды жақсарту үшін Украина шекарасына қайта орналасу істерін жалғастыруда. Соңғы 24 сағатта Калиновка, Горинка, Пуша-Водица, Романовка және Киев қаласының солтүстік шығысын зеңбіректермен атқылағаны еске салынды.

Мариупольдегі азаматтық нысандар да әлі бомбалау астында.

Украина вице-премьері Ирина Верешук Украинада қақтығыс болып жатқан аймақтардан азаматтардың эвакцуациясы үшін тоғыз дәліздің жетеуінің қолданылғанын білдірді. Мариуполь қаласынан 2 мың 912 адам шықты.

 



Ұқсас жаңалықтар