Орыс армиясының шығыны артты

Ресей армияның шығыны туралы мәліметтер жарияланды.

1799170
Орыс армиясының шығыны артты

Украинаға шабуыл жасаған Ресей армиясының 15 мыңдай сарбазынан, 97 ұшағынан, 121 тікұшақ және 498 танкінен айырылғаны жарияланды.

Бас штаб 24 ақпан мен 21 наурыз аралығындағы ресейлік армияның шығыны туралы мәліметтермен бөлісті.

Осыған орай Украинаға шабуыл жасаған Ресей армиясынан шамамен 15 мың сарбаз қаза тауып, ресейліктерге тиесілі 97 ұшақ, 121 тікұшақ, 498 танк, 1535 броньды көлік, 240 зеңбірек, 80 зымырандық жүйе және 45 әуе қорғаныс жүйесі жойылды.

Сондай-ақ ресейлік күштер 969 көлік, 3 жеңіл жүрдек қайық, 60 жанармай тасымалдайтын көлік және 24 ұшқышсыз ұшатын аппаратынан айырылды.



Ұқсас жаңалықтар