Ресей шабуылында тұрғын үйлер атқыланды

Киевтің әр жерінде таңғы уақытта үш жарылыс дауысы естілді.

1795651
Ресей шабуылында тұрғын үйлер атқыланды

Украинаның астанасы Киевте Ресей шабуылдарында бір пәтерге артиллериялық оқ атылып, екі адам қаза тапты.

Украина Төтенше жағдайлар қызметінің мәлімдемесіне қарағанда ресейлік әскерлердің таңғы уақытта ел астанасы Киевте жасаған шабуылы кезінде Святошинский ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйге зеңбірек оғы келіп тиген.

Шабуыл салдарынан пәтер толығымен өртеніп, 2 адам қаза тапты. Қатты зақымданған ғимараттан 27 адам құтқарылды.

Бүгін болған шабуылдар кезінде Киевтің Подольский ауданындағы 10 қабатты тұрғын үйге зеңбірек оғы түсті. Шабуыл салдарынан пәтерде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер қатты зақымданған пәтерден бір адамды аман алып шықты.

Сонымен бірге Киев мемлекеттік әкімшілігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланған хабарландыруда «Елордада сиреналар естілді. Біз барша азаматтардың дереу баспаналарға баруын сұраймыз» деп айтылды.

Елорда Киевтің әр жерінде таңғы уақытта үш жарылыс дауысы естілді.

Басқа жақтан Украина Бас штабы Украинаға шабуыл жасаған Ресей армиясының 24 ақпан мен 15 наурыз аралығында 13 500-ден астам әскерінен айрылып қалғанын хабарлады.

Ресейліктерге тиесілі 81 ұшақ, 95 тікұшақ, 404 танк, 1279 бронетранспортер, 150 зеңбірек, 64 зымыран тасығыш және 36 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі жойылса, ресейлік күштер 640 көлікті, 3 жеңіл жүрдек қайықты, 60 жанар-жағармай көлігін және 9 ұшқышсыз ұшу аппаратын жойды.



Ұқсас жаңалықтар