Киевте 35 сағатқа коменданттық сағат енгізіледі

Киев мэрі Виталий Кличко тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1795893
Киевте 35 сағатқа коменданттық сағат енгізіледі

Украина бас қаласы Киевте бүгін кешкі уақыттан бастап бейсенбі күні таңертеңге дейін 35 сағаттық коменданттық сағат режимі енгізіледі.

Тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасаған Киев мэрі Виталий Кличко бүгін жергілікті уақытпен сағат 20:00-де басталатын коменданттық сағаттың бейсенбі күні сағат 07:00-ге дейін жалғасатынын айтты.

Кличко өз мәлімдемесінде баспаналарға барудан басқа арнайы рұқсатсыз қаланы аралауға тыйым салынатынын баса айтты.

«Бас қала Украинаның жүрегі және ол қорғалатын болады» деді Киев мэрі.

Ресей шабуылдарының 20-шы күні яғни бүгін таңертең бас қала Киевтегі пәтерлерге артиллериялық оқтар құлаған еді.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар