Индонезия мен Филиппиндерде жер сілкінісі болды

АҚШ-тың Геологиялық зерттеу қызметі жер сілкіністері туралы мәлімдеді.

1794840
Индонезия мен Филиппиндерде жер сілкінісі болды

Индонезия су айдынында магнитудасы 6.7, Филиппиннің Кабра аралында болса магнитудасы 6.4 балдық жер сілкінісі болды.

АҚШ-тың Геологиялық зерттеу қызметі Индонезияда 21,8 шақырым тереңдікте болған жер сілкінісінің эпицентрінің Париман қаласынан батысқа қарай 167 шақырым жер екенін хабарлады.

Филиппиндерде 11 шақырым тереңдікте болған жер сілкінісі орталығының Кабра аралының 67 шақырым солтүстік батысы екені білдірілді.

Екі жер сілкінісінде де адам шығыны тіркелмеді, цунами қаупі жоқ екені мәлімденді.



Ұқсас жаңалықтар